«Көпбейінді стационарда экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді бақылау » атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

10-11.04.2025 ж.

2025 жылдың 10-11 сәуірінде «Астана медицина университеті» КеАҚ-пенен Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК және «Астана неврологтар академиясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Көпсалалы стационар жағдайындағы экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізу» тақырыбында II-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр. 

Конференция «Астана медицина университеті» КеАҚ «Ғылым күндері» және "№2 көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК 15 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар шеңберінде өткізіледі.  

Конференцияның мақсаты - жүкті әйелдердің соматикалық экстрагенитальды патологиясы туралы ақпаратпен бөлісу, білім мен тәжірибе алмасу, диагностика мен емдеудің халықаралық клиникалық нұсқауларын қарастыру. Шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, озық әдістер мен технологияларды зерттеп, біліктілікті арттыру мәселелерін талқылай алады. 

Конференцияға қатысуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, практикалық денсаулық сақтау басшылары мен дәрігерлері (пульмонологтар, неврологтар, эндокринологтар, нефрологтар, ревматологтар, кардиологтар, гастроэнтерологтар, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, акушер-гинекологтар және басқа да мамандықтардың дәрігерлері), медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми  орталықтарының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, резидент-дәрігерлері, интерндер шақырылады.

Конференция: қазақ, орыс тілінде.      

Формат: офлайн. 

Сертификаттар беру

Онлайн тіркелу https://conference.amu.kz/, офлайн. 

Конференцияны өткізу мекен-жайы: Астана қаласы, «№2 көпбейінді қалалық ауруханасы», Т. Рыскулова көшесі, 6.