«Денсаулық сақтау және білім берудегі цифрлық технологиялар мен аналитика: инновациялар және перспективалар»

10-11.04.2025 ж.

2025 жылғы  10-11 сәуір  аралығында  «Астана медициналық университеті» КеАҚ  «Денсаулық сақтау және білім берудегі цифрлық технологиялар мен аналитика: инновациялар және перспективалар» атты Халықаралық қатысумен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға зерттеушілер, ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар шақырылады.

Конференцияның мақсаты: конференция қазіргі заманғы ақпараттық технологиялық шешімдер мен аналитикалық әдістердегі жетістіктерді талқылау мен зерттеуге, сондай-ақ медицинада қолданылатын жасанды интеллекттің рөліне және оның білім беру процесі мен медициналық тәжірибені жақсартудағы болашағын анықтауға арналған.

Ұйымдастырушылар: «Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары бойынша электронды жинақ шығарылады.

Қатысу нысандары:

  • ауызша баяндама+тезистерді жариялау;
  • ауызша баяндама;
  • тезистерді жариялау.

Конференцияға қатысу тәртібі:

  • Баяндамашы ретінде – (офлайн немесе онлайн-видеоконференция арқылы) ауызша баяндама жасау.
  • Тыңдаушы ретінде – (офлайн немесе онлайн-видеоконференция арқылы) қатысу.

Конференцияға спикер, ғылыми басылымның авторы немесе тыңдаушы ретінде қатысу үшін https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=E31oqzRs-0ea297rfF9HzwKby8WenoVOgxv98I-iRZtUMk1WR09NMk1XMDIwSVE3UzIzNkU0RzlKTS4u сілтемесі арқылы тіркеліп, тезис немесе баяндама жүктеп салу қажет.

Конференция аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушыларға электронды сертификат беріледі.

Талаптар бойынша ресімделген тезистер және ерікті тәртіппен ресімделген ілеспе хаттар 2025 жылғы 25 наурызға дейін Microsoft Word форматында мына электрондық поштаға қабылданады:

biostat@amu.kz

Конференция жөніндегі ақпарат университет сайтының: www.amu.edu.kz   «жаңалықтар» бөлімінде жарияланады.

Барлық сұрақтар бойынша Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасына хабарласуларыңызға болады (Бейбітшілік к-сі 51, 2 қабат, 208 каб., тел.: 8(7172)53-95-44),

8-702-357-71-23 Улжалгас Муратбековна, 8-701-566-86-89 Жанат Нысанбековна

Тезистерге қойылатын талаптар:

Жарияланымға мұқият тексерілген және өңделген зерттеулердің материалдары қабылданады. Берілген тезистер жүргізілген зерттеулерге сәйкес конференцияда баяндама шартымен қабылданады. Мәтіндік құжат Microsoft Word форматында, А4 форматта 1-2 бетте, қаріп 12, Times New Roman , бір интервал, жиектері – сол және оң жақта 2,0, жоғарғы және төменгі жағында – 1,5.

ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУ

  • Авторлардың аты-жөні (қою қаріп, тегі және инициалдары); 
  • Жұмыс атауы (бас әріппен, қою қаріп, тырнақшасыз); 
  • Ғылыми жетекшінің аты-жөні (бар болса), (курсив, ғылыми дәрежесі, қызметі). 
  • Кафедра, университет (ұйым), қала, ел (курсив).
  • Тезис мәтіні (кіріспе, өзектілігі, мақсаты, материалдар мен әдістер, нәтижелер мен талқылау, қорытынды).

КОНФЕРЕНЦИЯДА АУЫЗША БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Презентация MS Power Point бағдарламасында жасалуы керек.
  2. Ауызша сөйлеу ұзақтығы 10 минуттан, талқылау 3 минуттан аспауы керек.
  3. Ноутбуктардың әртүрлі бағдарламалық жасақтамасына байланысты презентацияларыңызды екі кеңейтімде сақтауды сұраймыз *.ppt және *.pptx.
  4. Бірінші слайдта келесі ақпарат болуы керек: ұйым атауы, кафедра/жұмыс орны, баяндама тақырыбы, баяндамашының аты-жөні, ғылыми жетекші (бар болса), қала және жыл.
  5. Баяндаманы конференция бағдарламасына сәйкес 2025 жылғы 25 наурызға дейін тапсыру қажет.

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

  1. Денсаулық сақтауды оңтайландыру үшін АТ шешімдерін тиімді пайдалану.
  2. Медицинадағы жасанды интеллект: қолданбалар, технологиялар, қиындықтар, практикалық енгізу перспективалары.
  3. Медициналық деректерді талдау және түсіндіру үшін машиналық оқыту мен ЖИ алгоритмдерін қолдану.
  4. Медицина мамандарын оқыту үшін жаңа технологиялық құралдар мен платформаларды енгізу.