2025 жылғы 10-11 сәуір аралығында «Астана медициналық университеті» КеАҚ «Денсаулық сақтау және білім берудегі цифрлық технологиялар мен аналитика: инновациялар және перспективалар» атты Халықаралық қатысумен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға зерттеушілер, ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар шақырылады.
Конференцияның мақсаты: конференция қазіргі заманғы ақпараттық технологиялық шешімдер мен аналитикалық әдістердегі жетістіктерді талқылау мен зерттеуге, сондай-ақ медицинада қолданылатын жасанды интеллекттің рөліне және оның білім беру процесі мен медициналық тәжірибені жақсартудағы болашағын анықтауға арналған.
Ұйымдастырушылар: «Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция материалдары бойынша электронды жинақ шығарылады.
Қатысу нысандары:
Конференцияға қатысу тәртібі:
Конференция аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушыларға электронды сертификат беріледі.
Талаптар бойынша ресімделген тезистер және ерікті тәртіппен ресімделген ілеспе хаттар 2025 жылғы 25 наурызға дейін Microsoft Word форматында мына электрондық поштаға қабылданады:
Конференция жөніндегі ақпарат университет сайтының: www.amu.edu.kz «жаңалықтар» бөлімінде жарияланады.
Барлық сұрақтар бойынша Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасына хабарласуларыңызға болады (Бейбітшілік к-сі 51, 2 қабат, 208 каб., тел.: 8(7172)53-95-44),
8-702-357-71-23 Улжалгас Муратбековна, 8-701-566-86-89 Жанат Нысанбековна
Тезистерге қойылатын талаптар:
Жарияланымға мұқият тексерілген және өңделген зерттеулердің материалдары қабылданады. Берілген тезистер жүргізілген зерттеулерге сәйкес конференцияда баяндама шартымен қабылданады. Мәтіндік құжат Microsoft Word форматында, А4 форматта 1-2 бетте, қаріп 12, Times New Roman , бір интервал, жиектері – сол және оң жақта 2,0, жоғарғы және төменгі жағында – 1,5.
ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУ
КОНФЕРЕНЦИЯДА АУЫЗША БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ: